457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлімханұлы Кроуфордты жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) америкалық боксшы Теренс Кроуфордпен (42–0, 31 КО) кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

«Егер Кроуфорд менімен жекпе-жекке шығуға келіссе, мен қуана-қуана қабылдар едім. Біздің айқас – әрбір жанкүйер ниет етіп, бір сәтін де өткізіп алмауға тырысатын тарихи оқиға болар еді», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 13 қыркүйекте Кроуфорд мексикалық Сауль «Канело» Альваресті (63-3-2, 39 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған еді.

Ал Жәнібек Әлімханұлы ең кейінгі кездесуін 5 сәуірде Астанада өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14–1, 9 КО) 5-раундта нокаутпен жеңген еді.

 

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly