Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кәсіби бокс кеші өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Басты жекпе-жекте қазақстандық Али Ахмедов (24-2, 17 КО) ганалық Делали Миледзимен (29-1-1, 22 КО) WBA Asia ұйымының бос тұрған жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін қолғап түйістірді.
Он раундқа жоспарланған жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілер бірауыздан (100:90) жеңісті Ахмедовке берді. Осылайша Али кәсіби мансабындағы 25-ші жеңісіне жетті. Ал Миледзи үшін бұл мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.
Кештің қосалқы басты жекпе-жегінде қазақстандық Бекман Сойлыбаев Өзбекстан өкілі Абдулла Кучкаровты техникалық нокаутпен жеңді.
Фото: ©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage