Мәзір
Бокс

Әлем кубогында Қазақстан боксшылары бір алтын медаль иеленді

Сабина Асқарқызы 165 қаралым
Әлем кубогында Қазақстан боксшылары бір алтын медаль иеленді

Бокстан Үндістанда өткен Әлем кубогы кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль жеңіп алып, командалық рейтингте бесінші орынға табан тіреді.

World Boxing ұйымы өткізген халықаралық турнирде төмендегі қазақcтандық боксшылар жүлдегер атанды:

Алтын медаль:
– 85 келі: Сұлтанбек Айбарұлы

Күміс медаль:
– 70 келі: Нұрбек Мұрсал

Қола медаль:
– 80 келі: Санжаралі Бегалиев
– +90 келі: Даниял Сапарбай
– 51 келі: Жансая Рахымберді
– 57 келі: Ұлжан Сәрсенбек
– 80 келі: Диана Мағауияева
– +80 келі: Әсел Тоқтасын

Бұл нәтижелер Қазақстан боксшыларының жаңа маусым алдындағы дайындығы жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Фото: ҚР бокс федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар