457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем кубогы: Валерия Аксенова мен Дина Исламбекова қола медаль иеленді

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында Қазақстан құрамасының екі өкілі жүлдегерлер қатарына қосылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

80 келі салмақта өнер көрсеткен Валерия Аксенова жартылай финалда Франция өкілі, әлем чемпионатының жүлдегері Давина Мишельмен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте тәжірибелі қарсыласы басым түсіп, төрешілер жеңісті бірауыздан француз боксшысына берді – 0:5.

Ал аса ауыр салмақтағы Дина Исламбекова жартылай финалда өзбекстандық Олтиной Сотимбоеваға қарсы шаршы алаңға шықты. Биыл үшінші рет кездескен қарсыластар арасындағы бұл жолғы айқаста да Өзбекстан өкілі жеңіске жетті. Төрешілер шешімі – 0:5.

Осылайша, Валерия Аксенова мен Дина Исламбекова Әлем кубогының қола жүлдесін иеленіп, Қазақстан құрамасының медаль қоржынын толықтырды.

 

Фото: ҚБФ