457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем кубогы: Қазақстанның үш боксшысы финалға жолдама алды

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында Қазақстан құрамасының үш өкілі финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

70 келі салмақтағы әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда иорданиялық Азия чемпионы Зейад Ишаишпен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің екінші раундында қарсыласы жарақат алып, дәрігерлер кездесуді тоқтатуға шешім қабылдады. Нәтижесінде жеңіс қазақстандық боксшыға беріліп, ол финалға жолдама алды.

60 келіде өнер көрсететін әлем чемпионатының жүлдегері Виктория Графеева өзбекстандық Ситора Турдибековамен кездесті. Қазақстандық боксшы үш раунд бойы басымдық танытып, төрешілердің бірауызды шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Ал үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай 54 келі салмақта Таиланд өкілі Натнича Чонгпронгклангқа қарсы рингке шықты. Алғашқы раундта қарсыласына есе жібергенімен, кейін шабуылын үдетіп, кездесуді өз пайдасына аяқтады. Төрешілер жеңісті Назымға 3:2 есебімен берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының кемінде үш боксшысы Әлем кубогының алтын медалі үшін жұдырықтасатын болды.

 

Фото: ҚБФ