457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем кубогы: Қазақстанның неше боксшысы ширек финалға шықты?

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезеңі шешуші сатыға жақындады. Турнирдің ширек финалдық кезеңіне өткен спортшылар анықталып, жүлде үшін күрес жалғасуда, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасы бұл кезеңге 11 боксшысын шығарды. Олардың қатарында 7 әйел және 4 ер спортшы бар. Осы көрсеткіш бойынша қазақстандық команда турнирдегі үздік үш құраманың қатарына енді.

Ширек финалға шыққан боксшылар саны жөнінен көш басында Өзбекстан құрамасы тұр. Өзбек боксшыларының 14-і медаль үшін таласты жалғастырса, екінші орынға жарыс қожайыны Қытай жайғасты. Қытай құрамасының 12 өкілі келесі кезеңге өтті.

Ал Қазақстан 11 боксшымен үшінші орынға тұрақтады. Бұдан кейін Англия, Франция және Польша құрамалары келеді. Олардың әрқайсысында сегіз спортшыдан ширек финалға жолдама алған.

Айта кетейік, Гуйяндағы Әлем кубогына 44 мемлекеттен 300-ге жуық боксшы қатысуда. Қазір олардың тек 29 елінің өкілдері ғана жүлде үшін күресті жалғастырып жатыр.

 

Фото: ҚФБ