Әлем кубогы: Қазақстанның 8 боксшысы медаль үшін таласады
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі шешуші сатыға жақындады. Жартылай финалға жолдама алған боксшылар анықталып, елдер арасындағы көрсеткіш белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы турнирге 17 спортшысын қосқан еді. Соның нәтижесінде 8 қазақстандық боксшы (5 әйел, 3 ер адам) жартылай финалға шығып, жүлде үшін күресті жалғастырады.
Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан құрамасы Франциямен бірге үшінші орынды бөлісіп тұр. Ал көш басында Өзбекстан құрамасы келеді. Көрші елдің 11 боксшысы жартылай финалға жолдама алған. Екінші орында жарыс қожайыны Қытай құрамасы орналасқан – 9 боксшы.
Жартылай финалдағы елдердің көрсеткіші мынадай:
Өзбекстан – 11 боксшы
Қытай – 9
Қазақстан – 8
Франция – 8
Үндістан – 6
Польша – 6
Англия – 4
Бразилия – 4
Әзербайжан – 3
Италия – 3
Сондай-ақ АҚШ, Болгария, Оңтүстік Корея, Иордания және Испаниядан екі спортшыдан жартылай финалға шықса, Аустралия, Германия, Канада, Иран, Мексика, Тайпей, Таиланд және Молдовадан бір-бір боксшы бақ сынайды.
Айта кетейік, Гуйяндағы Әлем кубогына әлемнің 44 елі қатысуға өтінім берген. Ал жартылай финалға дейін 23 мемлекеттің өкілдері жетті.
Фото: ҚБФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған