457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем кубогы: Париж Олимпиадасының жүлдегері жартылай финалға шыға алмады

Бұл сында Нұрбек Оралбай (90 кг) турнирдегі өнерін аяқтады.

 

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының екі спортшысы жеңіліп қалды. Тимур Қабдешов (55 келіге дейін) пен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) турнирдегі өнерін аяқтады.

Қабдешов бразилиялық Келви Триндадиден жеңілді. Ал Нұрбек Оралбай ширек финалда әлем чемпионы, Өзбекстан өкілі Турабек Хабибуллаевқа есе жіберді.

Назым Қызайбай (54 келіге дейін) алғашқы кездесуінде Олимпиада жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Им Эджиден басым түсті. Санатәлі Төлтаев (65 келіге дейін) әзербайжандық Малик Хасановты жеңді. Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін) ирландиялық Тиг О’Доннеллден мықты болды.

Ал Лаура Есенгелді (70 келіге дейін) Испания өкілі Дуния Мартинес Масты сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Фото: ҰОК