Мәзір
Бокс

Әлем кубогы: Назым Қызайбай польшалық қарсыласынан есе қайтарды

Сабина Асқарқызы 62 қаралым
Әлем кубогы: Назым Қызайбай польшалық қарсыласынан есе қайтарды

Үш дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай ширек финалда Польша боксшысы Виктория Рогалинскамен тағы да кездесті, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдықты қолға алып, шеберлік жағынан әлдеқайда басым екендігін дәлелдей білді. Қорытынды есеп: 4:1.
Айта кетейік, Назым Қызайбай 2 ай бұрын Бразилияда өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде дәл осы Польша өкіліне жол берген болатын.

Бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 кг) 1/8 финалда Венесуэла өкілі
Ирисмар Кардозомен жолығып, басымдық танытқан болатын. 

Сонымен бірге, Серік Теміржанов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (65 кг), Нұрбек Оралбай (90 кг) есе жіберіп, жүлдеден тыс қалды. 

Фото: ҚБФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар