457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем кубогы: Бүгін отандық екі боксшы шаршы алаңға шығады

Кешкі сессия Қазақстан уақытымен 17:30-да басталады.

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем кубогы финалында 20 қарашада ел құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды malimsports.kz

Ел құрамасынан Нұрбек Мурсал (70 келі) финалда үндістандық Хитеш Хитешпен кездессе, Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі) өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістіреді.

Кешкі сессия Қазақстан уақытымен 17:30-да басталады.

Еліміздің ерлер құрамасында Нұрбек пен Сұлтанбектен өзге Нұрзат Оңғаров (50 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Аман Қонысбеков (75 келі), Санжарәлі Бегалиев (80 келі), Бекзат Таңатар (90 келі), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) әлем кубогына келді.

Ал әйелдер құрамасында Ақбота Болат (48 келі), Жансая Рахымберді (51 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Диана Мағауияева (80 келі), Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) сынды боксшыларға сенім артылды.

Фото: Бейнежазбадан скриншот