457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем кубогы: Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты

Екі дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла өкілі Ирисмар Кардозомен жолықты.

 

Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды malimsports.kz
Екі дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла өкілі Ирисмар Кардозомен жолықты.
Отандасымыз жекпе-жекте қорғаныс пен шабуылда да нәтижелі қимылдап, 4:1 есебімен басым түсті.

Өкінішке қарай, ерлер арасында Санатәлі Төлтаев Әлем кубогын аяқтады. 
2025 жылғы Қазақстан чемпионы, 65 келіде өз мүмкіндігін алған ол екінші айналымда Англия спортшысы Патрис Мугалзаимен өзара мықтыны анықтады.
3 раундқа жалғасқан бәсекеде төрешілер 5:0 есебімен Англия боксшысын жеңімпаз деп таныды.

Фото: Ашық дереккөзден