Бокстан Қытайда өтіп жатқан әлем кубогының кезеңдік бәсекесінде Абылайхан Жүсіпов бірінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлем чемпионы, 70 келідегі тәжірибелі боксшылардың бірі саналатын Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда өткен әлем кубогының финалисі Кайан Рейеспен (Бразилия) жұдырықтасқан еді.
Отандасымыз алғашқы раундтан жекпе-жекті толықтай өз бақылауында ұстап, 4:1 есебімен басым түсті.
Сонымен бірге, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 60 келіде ел чемпионы саналатын Серік Теміржанов 1/8 финалда АҚШ-тың жас боксшысы Салим Еллис Беймен жолы түйісті. Отандасымыздың бұл жекпе-жегінде төрешілер жеңісті бірауыздан қарсыласқа берді.
Фото: ҰОК