457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем кубогі: Сабыржан Аққалықов келесі кезеңде өзбек боксшысымен жұдырықтасады

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогінің екінші кезеңі жалғасып жатыр. Турнирдің алғашқы жекпе-жектерінің бірінде Қазақстан құрамасының өкілі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалықов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жақында 80 келі салмақ дәрежесіне ауысқан қазақстандық боксшы 1/16 финалда жарыс қожайыны – қытайлық Хиабао Уангпен қолғап түйістірді. Кездесу барысында Аққалықов толық басымдық танытып, қарсыласына мүмкіндік берген жоқ.

Үш раунд бойы жекпе-жек тізгінін өз қолында ұстаған отандасымыз дәл соққыларымен ерекшеленіп, төрешілер шешімімен айқын жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 5:0. Осы нәтижемен Сабыржан турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Енді қазақстандық боксшыны әлдеқайда күрделі сынақ күтіп тұр. 17 маусым күні Аққалықов келесі айналымда Өзбекстан құрамасының өкілі, әлем чемпионы Жавохир Умматалиевпен кездеседі.

 

Фото: ҚФБ