Әлем чемпионы Головкиннің есімін Бокс даңқ залына лайық деп санайтынын айтты
WBC нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы, америкалық Дэвид Бенавидес (30-0, 24 KO) Геннадий Головкиннің Халықаралық Бокс даңқ залына енуіне қарсы пікір білдіргендерге жауап берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
GGG-дің кандидатурасын сынға алғандардың ішінде Райан Гарсия болды. Ол Головкин «Зал славы үшін ешкімді жеңген жоқ» деп мәлімдеген еді. Алайда Бенавидес мұндай пікірлермен мүлде келіспейтінін айтып, қарсы уәжін білдірді. Оның айтуынша, Головкин – ерекше құрметке лайық боксшы.
Бенавидестің сөзі бойынша, Геннадийдің мансабы кезінде оған қарсы жекпе-жекке шығуға көп боксшы келісе бермеген. Сондықтан GGG-де өзін көрсетуге мүмкіндік аз болды, бірақ ол барлық мықтылармен жұдырықтасқысы келді және барын салды.
«Головкин сөзсіз Бокс даңқ залына енуі керек. Кейбіреулер оның лайық емес екенін айтып жүр, бірақ олар бос сөзбен айналысады. Головкин – жойқын панчер. Ол рингке шыққанда бәрі өзгеше болатын. Мен оның мансап жолының басында қасында болдым, ол кез келгенімен жұдырықтасуға дайын еді. Жай ғана қарсыластар одан қашатын», – деді америкалық чемпион.
Сондай-ақ Бенавидес қазіргі кезде әлеуметтік желілерде пайда болған «жанкешті комментаторларды» сынап өтті. Оның айтуынша, бокстан хабары жоқ адамдар өз платформаларын пайдаланып, аңыз спортшыларға орынсыз пікір айтуда.
«Головкин – нағыз аңыз. Ол рингте де, рингтен тыс та өте жақсы адам. Ол сөзсіз Бокс даңқ залында болуы керек», – деп түйіндеді Бенавидес.
Фото: olympic.kz
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған