Жуырда екінші рет әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова әкесіне ерекше құрмет көрсетті. Спортшы өзінің жеңісін ең бірінші кезекте әкесіне арнап, оған жаңа көлік тарту етті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл жаңалықты блогер Бақытжан Ибрагим әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. «Алуа әкесіне көлік сыйлады», – деп жазды ол. Желі қолданушылары чемпион қыздың бұл әрекетіне жылы лебіздерін білдіріп, әкені құрметтегенін үлкен өнеге деп бағалады.
Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте Ливерпульде өткен әлем чемпионатының финалында Балқыбекова түркиялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иегері атанған еді.
Коллаж: Turkystan.kz