457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионатында жеңілген Ертуған Зейнуллин жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Ертуған Зейнуллин өз жекпе-жегінен кейін әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлерге алғысын білдіріп, пікір айтты

Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Ертуған Зейнуллин өз жекпе-жегінен кейін әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлерге алғысын білдіріп, пікір айтты, деп хабарлайды malimsports.kz

Желіде жазба жариялаған боксшы алда жаттығуға қайта кірісіп, жұмысын жалғастыратынын атады.

«Барымды салдым, өздеріңіз көргендей болды. Әділ төрелік жасалды ма, жасалмады ма – оны бағалау сіздердің қолдарыңызда. Бапкерлеріме шексіз рақмет, оларсыз бұл жолға жете алмас едім. Халқыма қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Сіздердің сенімдеріңіз – маған ең үлкен күш. Бұл тек бастамасы ғана, алда бұдан да биік белестер бар. Қазақ елінің абыройын асқақтату үшін тер төгуді жалғастыра беремін!» – деп жазды Зейнуллин.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының бірнеше спортшысы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алып, жүлдеге бір табан жақындап отыр. Оның ішінде Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (+90 кг) өз салмақтарында жартылай финалға шықты.

Сонымен қатар, Бейбарыс Жексен (60 кг), Айбек Оралбай (80 кг), Бекзат Нұрдәулетов (85 кг),  Сағындық Тоғамбай (-90 кг),есе жіберіп, жарысты тоқтатуға мәжбүр болды.  

Фото: ҰОК баспасөз қызметі