457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: Зейнуллинов пен Богданова кездесуді жеңіспен аяқтады

Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетуде

Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды malimsports.kz

Ерлер және әйелдер құрамасының мүшелері жарысты жеңіспен бастады.

65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ертуған Зейнуллинов алғашқы кездесуінде франциялық Уго Граумен жұдырықтасты. Бұл – Ертуған үшін әлем чемпионатындағы дебюттік жекпе-жек болғанымен, ол қиын сынақтан сүрінбей өтті. Бірінші раундта қарсыласы басымдық танытқанымен, отандасымыз екінші және үшінші раундта сенімді өнер көрсетіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ал әйелдер құрамасының өкілі Наталья Богданова 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, жарыстың 1/8 финалында үндістандық Санамача Чокчоммен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің алғашқы раундынан-ақ қарсыласын нокдаунға жіберген Богданова айқын басымдықпен өнер көрсетіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол ширек финалға жолдама алды.

 

Кеше күндізгі сессияда Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Нұрбек Оралбай (80 кг) алғашқы кездесуде жеңіске жетті. Сондай-ақ, Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Карина Ибрагимова (57 кг) Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында қарсыласынан басым түсті. 

Сондай-ақ, кеше ерледен Төрехан Сабырхан (70 кг) мен Бейбарыс Жексен (60 кг) табысты өнер көрсетті. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі