Бүгін әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың үшеуі күндізгі, ал қалған үшеуі кешкі сессияда бақ сынайды.
Күндізгі сессия (16:00):
48 келі, 16:00–16:30 – Назым Қызайбай (Қазақстан) – Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
50 келі, 18:00–18:30 – Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Алехандро Кларо Физ (Куба)
55 келі, 18:40–19:10 – Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Лю Чуанг (Қытай)
Кешкі сессия (22:00):
51 келі, 22:20–22:50 – Алуа Балқыбекова (Қазақстан) – Ксиню Кю (Қытай)
70 келі, 23:00–23:30 – Төрехан Сабырхан (Қазақстан) – Одель Камара (Англия)
70 келі, 23:30–00:00 – Наталья Богданова (Қазақстан) – Шантель Рейд (Англия).
Бұған дейін ерлер арасында Айбек Оралбай (+90 кг) финалға шықса, әйелдер құрамасынан Аиба Әбікеева (65 кг) да жартылай финалда жеңіске жетті.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі