Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының ширек финал жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы сапында өнер көрсететін Төрехан Сабырхан ширек финалда франциялық Макан Траоремен жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдықпен тізе бүктірді.
Осылайша, ағайынды Сабырхандардың екеуі де жартылай финалға шықты. Яғни екі боксшының да еншісінде кемінде қола жүлде бар.
Фото: ҰОК