Әлем чемпионаты: Төрешілер Ерасыл Жақпековке жеңісті бермеді
Қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
El.kz интернет порталының жазуынша, ол 1/8 финалда 80 келіге дейінгі салмақ өкілі ресейлік Джамбулат Бижамовпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған айқастың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті ресейлікке берді, әйтпесе жерлесіміз үшінші раундта қарсыласын нокдаунға да түсіріп үлгерді. Осылайша, Жақпеков 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Ерасыл Жақпеков өзінің әлем чемпионатындағы жолын тоқтатты. Ал 2021 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Бижамов ширек финалға жолдама алды.
Бұл жеңіліс Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы сәтсіздігі болды. Бұған дейін біздің боксшылар қатарынан 12 кездесу жеңіп, сенімді өнер көрсеткен еді.
Айта кетейік, Қазақстан бұл чемпионатта 13 салмақ дәрежесінің барлығында қатысып жатыр. Турнир 13 желтоқсанға дейін жалғасады.
Фото: ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған