Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев Олимпиада чемпионымен кездеседі
Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандық боксшы ширек финалда Бразилия боксшысынан басым түсті.
Енді ол жартылай финал жолдамасын Париж Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Асахужа Муйдинхужаевпен сарапқа салады.
Сондай-ақ, -92 келіде Нурмагамед Юсупов испаниялық Эммануэль Рейес Пладан 1:4 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады. Бұл ұлттық құрама сапындағы екінші жеңіліс. Бұған дейін 80 келіде Ерасыл Жақпеков ресейлік боксшыдан басымдық танытқанымен, төрешілер жеңісті бермеген еді.
Фото: Бейнежазбадан скриншот
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған