Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының ширек финал жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандық боксшылардан күндізгі сессияда ең соңғы болып Сағындық Тоғамбай шығып, қарсыласына жол беріп қойды.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды.
Өзбек боксшысы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, отандасымызға еш мүмкіндік бермей, жартылай финалға шықты. Мұның алдында Нұрбек Оралбай сәтсіздікке ұшырап, жарысты ерте аяқтаған болатын.