457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: Сағындық Тоғамбай екінші жекпе-жекте жеңіске жетті

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сағындық Тоғамбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сағындық Тоғамбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды malimsports.kz
Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Сағындық бұл кезеңде Джек Марлимен (Ирландия) өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды. 

Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде Сағындық Исаак Окомен (Англия) жұдырықтасты. Қарсылас бірінші раундта басым түсті. Бірақ, жекпе-жектің соңына қарай Сағындық Тоғамбай 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.