457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: Қазақстан боксшыларының қарсыласы кімдер

Бүгін бокстан Ливерпульде әлем чемпионаты басталады. Аталған сында шаршы алаңға шығатын Қазақстан боксшыларының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

4-14 қыркүйек аралығында тұманды Альбионда өтетін бәсекеге төрткүл дүние көз тігіп отыр. Аталған сынға ұлттық құрама боксшылары толық құрамда қатысады.

50 келі салмақта 25 боксшы сын түседі. Қазақстандық Санжар Тәшкенбай 1/8 финалда Хузайфа Ешиш (Иордания) - Луис Руни (Ирландия, 23 жасқа дейінгі боксшылар арасында Еуропа чемпионы) жұбының жеңгенімен кездесетіні белгілі болып отыр. Ирландия өкілі ақпан айында Болгарияда өткен «Странджа» турнирінің финалында Санжар Тәшкенбайдан басым түскен болатын.

55 келіде барлығы 39 боксшы өзара бәсекеге түседі. Бұл салмақта ел намысын қорғайтын Махмұд Сабырхан 1/16 финалда Амир Мохаммади (Бельгия) - Ортиз (Мексика) жұбының жеңімпазымен кездеспек.

60 келіде 43 боксшы сынға түсетін болса, ұлттық құрама мүшесі Бейбарыс Жексен 1/16 финалда Лей (Тайпей) - Жунмилардо Огайре (Филиппин) жұбының жеңгенімен кездеспек.

65 келіде әлем чемпионатына 40 боксшы қатысады. 1/16 финалда Ертуған Зейнуллинов франциялық Хуго Граумен өзара мықты анықтайды.

Айта кететін жайт, астанадағы әлем кубогының үшінші кезеңінің ширек финалында Ертуған жеңіске жеткен еді.

70 келі де 41 боксшы сайысқа түседі. Бұл салмақта 1/16 финалда Төрехан Сабырхан алжирлік Яче Юсуф Исламмен шеберлік байқасады.

75 келіде 24 боксшы жиналған. Жастар арасында әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Павел Илюша (Украина) мн Мохаммад Ноурани (Иран) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

80 келіде барлығы 36 боксшы болса, бұл салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 1/16 финалда украиналық Матвей Ражба мен неміс Бен Носа Эхис жұбының жеңгенімен жұдырықтаспақ.

85 келіде барлығы 24 боксшы ғана сынға түседі. Маңғыстау облысының өкілі Бекзат Нұрдәулетов 1/8 финалда грузиялық Георгий Кушиташвилимен хорватиялық Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.

90 келідегі 25 боксшы арасында 1/16 финалда қазақстандық Сағындық Тоғамбай шаршы алаң иесі Айзек Окомен жұдырықтасады.

+90 келіде 30 боксшы арасында Айбек Оралбай 1/8 финалда Түркия мен Түркіменстан жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Фото: ҚР бокс федерациясы