457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: Оразбек Асылқұлов қарсыласын нокаутпен жеңді

Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Оразбек Асылқұлов (57 келі) ширек финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz

Отандасымыз 1/8 финалда Эсватини боксшысы Мукело Дламиниге қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек басталған сәттен-ақ қазақстандық спортшы басымдық танытып, небәрі 22 секунд ішінде қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша Асылқұлов жарыстың келесі кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.

Айта кетейік, осы күнге дейін Қазақстан құрамасынан Сәкен Бибосынов (54 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Даниял Сәбит (51 келі) және Абылайхан Жүсіпов (71 келі) те ширек финалға өткен еді.

Сондай-ақ 8 желтоқсанда Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) келесі кезеңге жолдама алды.

Ал Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі) және Нурмагамед Юсупов (92 келі) бұл сында қарсыластарына жол беріп, жарысты аяқтады.

 

 

Фото: ҰОК