Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының ширек финал жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Күндізгі сессияның кезекті жекпе-жегінде шаршы алаңға Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай шығып, жанкүйерлердің сенімін ақтай алмады.
80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз ширек финалда Жавохир Уматалиевпен (Өзбекстан) жұдырықтасып, қарсыласынан жеңіліп қалды.
Фото: ҰОК