Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай жартылай финалға шықты

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұрымды бокшымыз 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.
Ширек финалда отандасымыз украиналық Анна Охотамен қолғап түйістірген болатын.
Назым Қызайбай алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп жіберді. Нәтижесінже еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем чемпионатында кем дегенде қола медаль алады.
Сондай-ақ, бүгін ширек финалда Санжар Тәшкенбай рингке шығады.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Ең көп оқылған
