Әлем чемпионаты: Карина Ибрагимова алғашқы кездесуде басымдық танытты
Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Карина Ибрагимова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.
Карина бұл кезеңде Элис Глинмен (Ұлыбритания) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.
Бүгінгі күндізгі сессияда Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Нұрбек Оралбай (80 кг) алғашқы кездесуде жеңіске жетті.
Сондай-ақ, кеше ерледен Төрехан Сабырхан (70 кг) мен Бейбарыс Жексен (60 кг) табысты өнер көрсетті.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған