457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: Бүгін қазақстандық алты боксшы шаршы алаңға шығады

Ливерпульде өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек және жартылай финалдық кезеңінде алты қазақстандық боксшы бүгін жекпе-жекке шығады.

Бүгін Ливерпульде өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек және жартылай финалдық кезеңінде алты қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды malimsports.kz

Күндізгі сессияда ел намысын қорғайтын спортшылардың қатарында 48 келі салмақта Назым Қызайбай Украинадан келген Ханна Охотамен кездессе, 50 келі салмақта Санжар Тәшкенбай үндістандық Жадумани Сингх Манденгбаммен жұдырықтасады. Сондай-ақ 60 келі салмақта Виктория Графеева Бразилия өкілі Ребека де Лима Сантоспен жартылай финалдық жекпе-жекке шығады.

Кешкі сессияда 65 келіде Аида Әбікеева Ирландия өкілі Грейн Мари Уолшпен, ал +80 келіде Елдана Талипова Польша өкілі Агата Кацмарскамен, +90 келі салмақта Айбек Оралбай Куба боксшысы Хулио Цезарь Ла Крузбен финал жолдамасын сарапқа салады.

Әлем чемпионатының жекпе-жектерін «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі