Мәзір
Бокс

Әлем чемпионаты: Бүгін өнер көрсететін отандық боксшылар кімдер

Сабина Асқарқызы 203 қаралым
Әлем чемпионаты: Бүгін өнер көрсететін отандық боксшылар кімдер

Бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін шаршы алаңға шығатын боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Күндізгі сессия Астана уақытымен сағат 15:55-те басталады.
80 келі, 1/8 финал
Гүлсая Ержан – Ивета Лесинските (Литва)

70 келі, 1/8 финал
Төрехан Сабырхан – Финн Роберт Бос (Нидерланды)

90 келі, 1/8 финал
Сағындық Тоғамбай – Джек Майкл Марли (Ирландия)

Кешкі сессия – 21:55
65 келі, 1/8 финал
Аида Әбікеева – Сук Ён Кан (Оңтүстік Корея)

60 келі, 1/8 финал
Бейбарыс Жексен – Сачин (Үндістан)

75 келі, 1/8 финал
Сабыржан Аққалыков – Павел Иллюша (Украина)

+90 келі, 1/8 финал
Айбек Оралбай – Ильяс Мюджахит (Түркия)

Әлем чемпионатын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетеді. 

Естеріңізде болса, 

Кеше күндізгі сессияда Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Нұрбек Оралбай (80 кг) алғашқы кездесуде жеңіске жетті. Сондай-ақ, Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Карина Ибрагимова (57 кг) Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында қарсыласынан басым түсті. 

Сондай-ақ, кеше ерледен Төрехан Сабырхан (70 кг) мен Бейбарыс Жексен (60 кг) табысты өнер көрсетті. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар