Әлем чемпионаты: 12 боксшысы финалға шыққан Ресей құрамасы сынға ұшырады
Бокстан әлем чемпионатының финалына шыққан боксшылар саны бойынша Ресей көш бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
РФ құрамасының 13 боксшысы жартылай финалға жетсе, олардың 12-сі финалға шығып отыр. Екінші орында Өзбекстан 6 боксшымен көзге түссе, қазақстандық боксшылар арасынан төртеуі шешуші кезеңге жолдама алды.
Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Белорус құрамасынан бір боксшы финалға шығып отыр.
Айта кететін жайт, бұл сында Куба құрамасынан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Арлен Лопес жартылай финалға жетіп, қола жүлдегер атанды.
Жанкүйерлер тарапынан РФ боксшыларының барлығы дерлік жүлдегер атауы ащы сынға ұшырап, әжуаға айналды. Мәселен, 1/8 финалда Ерасыл Жақпеков орыс боксшысын нокдаунға түсіргенімен жеңіс қарсыласқа берілген. Осы секілді жайттар чемпионат барысында бірнеше рет байқалғанға ұқсайды.
Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында Түркіменстан боксшылары ел тарихында әлем чемпионатынан алғаш рет жүлде алды. Ал Қырғызстан мен Тәжікстан құрамасының боксшылары әлем чемпионатының финалына алғаш рет шығып отыр.
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған