Александр Усик қазіргі бокстағы әлемнің ең үздік боксшысын атады
Аса ауыр салмақта бұрынғы абсолютті әлем чемпионы атанған украиналық боксшы Александр Усик қазіргі таңда әлемдегі ең үздік боксшы кім екенін айтып, өз пікірін білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Мені қолдайтын адамдарды қатты бағалаймын, бірақ өзімді ең үздік боксшымын деп айта алмаймын. Теренс Кроуфорд мансабын аяқтағаннан кейін, мүмкін қазір бұл атақ Шакур Стивенсонға тиесілі шығар, – деді Усик Inside The Ring бағдарламасында.
Еске салайық, оның соңғы жекпе-жегі 20 шілдеде «Уэмбли» стадионында өтті. Сол кездесуде Усик британиялық Даниель Дюбуамен реванш өткізді. Жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы сарапқа салынған болатын. Усик қарсыласын бесінші раундта нокаутпен жеңді.
Кәсіпқой рингтегі мансабында Александр Усик 24 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 15-і мерзімінен бұрын аяқталған. Усик кәсіпқой бокстағы дебютін 2013 жылдың қараша айында жасаған.
Фото: instagram.com/usykaa/
Конференция лигасы: ширек финалға шыққан командалар анықталды
Ең көп оқылған