457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Усик қанша жекпе-жектен кейін мансабын аяқтайтынын айтты 

Бұл туралы ол The Ring журналына берген сұхбатында мәлімдеді

Аса ауыр салмақтағы WBA, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, украиналық боксшы Александр Усик кәсіби мансабын аяқтағанға дейін тағы үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол The Ring журналына берген сұхбатында айтты, деп жазады malimsports.kz

Боксшының айтуынша, алғашқы жекпе-жегі нидерландтық кикбоксшы Рико Верхувенге қарсы өтеді. WBC титулын қорғау үшін ұйымдастырылатын бұл кездесу 23 мамыр күні Египеттің Гиза қаласындағы пирамидалар аясында өтпек.

Одан кейін Усик Фабио Уордли мен Даниель Дюбуа арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуді жоспарлап отыр. Олар WBO титулы үшін 9 мамыр күні Манчестерде қолғап түйістіреді. Усик бұған дейін Дюбуаға қарсы екі рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен (2023 және 2025 жылдары). Ал Уордли Усик WBO белдігін босатқаннан кейін толыққанды чемпион мәртебесін алған.

Украиналық боксшы мансабын үшінші рет Тайсон Фьюримен кездесіп аяқтауды көздеп отыр. Ол британдық боксшыны 2024 жылы өткен екі жекпе-жекте де жеңген болатын (біріншісінде төрешілердің бөлінген шешімімен, екіншісінде бірауызды шешіммен).

«Үшінші жекпе-жек - менің досым, “Қомағай қарын” Тайсон Фьюримен болады», - деді Усик.

Айта кетейік, Фьюри екінші жеңілісінен кейін мансабын аяқтағанын жариялаған еді. Алайда ол 11 сәуір күні ресейлік Арсланбек Махмудовқа қарсы жекпе-жек өткізу үшін рингке қайта оралмақ.

39 жастағы Усик соңғы рет 2025 жылдың 20 шілдесінде Лондонда шаршы алаңға шыққан. Сол кездесуде ол бесінші раундта британдық Даниель Дюбуады нокаутпен жеңіп, аса ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын қорғап қалған.

Кәсіби мансабында Усик 24 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 15-і нокаутпен аяқталған.

Фото: Frank Augstein