Александр Усик мансабын 41 жасында аяқтайтынын айтты
Ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, украиналық боксшы Александр Усик (24-0, 15 КО) кәсіби мансабын аяқтау мерзімі туралы мәлімдеме жасады.
38 жастағы спортшының айтуынша, ол 41 жасқа дейін бокстасуды жоспарлап отыр, содан кейін жаттықтырушылық қызметке бет бұрады.
«Мен 41 жасқа дейін бокстасамын. Кейін әрі өзім жаттығып, әрі жас боксшыларды баулитын спорт академиясын ашамын», – деді Усик Home of Fight басылымына берген сұхбатында.
Әлем чемпионы осы уақытқа дейін бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Ол алдымен бірінші ауыр, кейін суперауыр салмақта абсолютті чемпион атанған.
Биыл шілде айында Усик америкалық Даниэль Дюбуаға (22–3, 21 КО) қарсы өткен реваншта қарсыласын нокаутқа жіберіп, суперауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағын қайта иеленді.
Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, Усиктің келесі жекпе-жегі ММА ережесі бойынша америкалық блогер Джейк Полмен (12–1, 7 КО) өтуі мүмкін.
Фото: Александр Усик / Facebook
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған