Мәзір
Бокс

Александр Усик чемпиондық белбеулерінен бас тартатынын мәлімдеді

Сабина Асқарқызы 39 қаралым
Александр Усик чемпиондық белбеулерінен бас тартатынын мәлімдеді

Украиналық кәсіпқой боксшы Александр Усик өзіне тиесілі барлық чемпиондық белбеуден бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялаған бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазір қолымдағы барлық чемпиондық белбеуден бас тартқым келеді. Кезекте тұрған жігіттер сол белбеулер үшін жұдырықтассын, – деді Усик.

Сонымен қатар ол спорттық мансабын аяқтамайтынын айтып, жанкүйерлерін жаңа жекпе-жектер күтіп тұрғанын жеткізді.

Мен белбеулерді босатамын, бірақ спорттан кетпеймін. Өйткені менде соңғы биім (last dance) бар, – деді украиналық боксшы.

Усиктің айтуынша, бұл шешім саналы түрде қабылданған.

Бұл шешім мен үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін. Бұл – оқиғаның соңы емес. Жалғасы әлі алда, – деп қосты ол.

Қазіргі таңда Александр Усик аса ауыр салмақта WBC, WBA және IBF тұжырымдары бойынша абсолютті әлем чемпионы саналады.

Украиналық боксшы кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрген жоқ. Оның еншісінде 25 жекпе-жектегі 25 жеңіс бар. Соның 16-сын мерзімінен бұрын аяқтаған.

Соңғы кездесуінде Усик нидерландтық Рико Верхувенді нокаутпен жеңіп, жеңісті сериясын жалғастырған болатын.

 

Фото: SCANPIX/EPA

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар