457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Усик 19 жастағы Төрехан Сабырханның өнеріне тәнті болды

19 жастағы Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының финалында жапон боксшысы Сэвон Окадзаваны сенімді түрде жеңді

Супер ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, әйгілі украиналық боксшы Александр Усик Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық жас боксшы Төрехан Сабырханның өнеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Усиктің айтуынша, ол турнир барысында бірнеше жекпе-жекті ерекше қызығушылықпен тамашалаған. Әсіресе:

Төрехан Сабырхан мен ағылшын Одэл Камараның жартылай финалдағы кездесуі,75 келідегі финалда өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоев пен болгар Рами Киван арасындағы айқас оған қатты ұнаған.

Чемпион Сабырхан жайлы пікірін бөлісіп:

«Қазақ жігіті, 70 келіде жұдырықтасты. Геннадиймен (Головкинмен) сөйлестім. 18-де (шын мәнінде – 19 жаста). Британия өкіліне қарсы шықты. Өте жақсы айқас болды», – деді.

19 жастағы Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының финалында жапон боксшысы Сэвон Окадзаваны сенімді түрде жеңіп, алтын медаль иегері атанды. Осылайша ол:

Қазақстан тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанды,

Ел спортына жаңа белес сыйлап, болашақтағы басты үміттердің бірі екенін дәлелдеді.

Турнир барысында Сабырхан қарсыластарына ешқандай мүмкіндік бермей, барлық жекпе-жегін сенімді аяқтады.

ФОТО: KBF