Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатында қола жүлдені қанағат етті
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер басталды.
7 сәуір күні Қазақстан құрамасы сапынан 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әйгерім Сәттібаева финал жолдамасын моңғолиялық Номундари Енх Амгаланмен сарапқа салды.
Жекпе-жек аса тартысты өтті. Кездесу барысында алаң иесі белсенділік танытқанымен, қазақстандық спортшы да лайықты қарсылық көрсетті. Екінші раундтан кейін төрешілердің үшеуі есепті тең (19:19) деп бағаласа, екеуі қарсыласын алға шығарды (20:18).
Шешуші раундта екі боксшы да сәтті соққыларымен көзге түсті. Алайда қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Номундари Енх Амгаланға берді. Осылайша, Әйгерім Сәттібаева турнирдің қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы бұл чемпионатта сенсациялық нәтиже көрсетіп, ширек финалда Өзбекстанның басты фавориттерінің бірі Сабина Бобокулованы жеңген еді.
Келесі жекпе-жектер
Қазақстан құрамасының өзге боксшылары да бүгін шаршы алаңға шығады:
Күндізгі сессия:
6-жұп: Сабыржан Аққалықов (75 келі) – Далай Ганзориг (Моңғолия)
7-жұп: Нұрбек Оралбай (85 келі) – Бариахаан Дорж (Моңғолия)
9-жұп: Айбек Оралбай (90+ келі) – Довлет Исламов (Түрікменстан)
Кешкі сессия (14:00):
3-жұп: Оразбек Асылқұлов (60 келі) – Әбдірахмон Махмуджонов (Өзбекстан)
8-жұп: Сағындық Тоғамбай (90 келі) – Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан).
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Ең көп оқылған