457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров Нью-Делиде қайта кездеседі

World Boxing Кубогының финалы қараша айында Үндістан астанасы Нью-Делиде өтеді

2025 жылғы олимпиадалық бокс маусымы мәресіне таяды. Жылдың соңғы әрі ең маңызды жарысы – World Boxing Кубогының финалы қараша айында Үндістан астанасы Нью-Делиде өтеді. Турнир 17–22 қараша аралығына жоспарланып отыр, деп жазады malimsports.kz.

Финалда аса ауыр салмақтағы басты жекпе-жектердің бірі – Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай мен Өзбекстан командасының көшбасшысы Жахонгир Зокиров арасындағы кездесу болмақ. Бұл жекпе-жек маусымның басты текетіресі саналып отыр.

World Boxing ұйымының ресми мәлімдемесінде:
«2025 жылғы бокс маусымының аса ауыр салмақтағы басты кейіпкерлері – Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров болды. Қазақ боксшысы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында және Астанадағы Кубокта топ жарса, өзбек спортшысы Бразилия мен Польшада өткен турнирлерде жеңіске жетті. Маусым бойы барлық алтынды өзара бөліскен қос мықты Нью-Делиде соңғы рет кездесіп, жылдың үздік боксшысын анықтайды. Бұл айқаста қай елдің туы көтеріледі – Қазақстан ба, әлде Өзбекстан ба?» – делінген.

Еске сала кетейік, Ливерпульдегі әлем чемпионатының финалында Айбек Оралбай 90 келіден жоғары салмақта Жахонгир Зокировты айқын басымдықпен жеңген болатын. Сол жеңіс Қазақстан құрамасына жалпыкомандалық есепте Өзбекстанды артқа тастап, көш бастауға мүмкіндік берген еді.

World Boxing бұл кездесуді «Оралбайдың Зокировпен тарихи реваншы» деп атап отыр. Жылдың қорытынды жекпе-жегі ретінде маусымдағы үздікті анықтайтын шешуші шайқас болмақ.