Мәзір
Бокс

Айбек Оралбай мен Аида Әбікеева әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Сабира Жанаберген 247 қаралым
Айбек Оралбай мен Аида Әбікеева әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ауыр салмақта бақ сынаған Айбек Оралбай 1/8 финалда түркиялық Мусахит Илиаспен кездесіп, үш раундтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Осы нәтижесімен ол ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ әйелдер құрамасы сапындағы Аида Әбікеева да ширек финалға шықты. 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшымыз 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Кан Сок Еннен басым түсті.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар