Айбек Оралбай Азия чемпионатында этникалық қазақ боксшысынан басым түсті
Қазақстан құрамасының боксшысы Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2026 жылғы Азия чемпионатында ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жартылай финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Айбектің қарсыласы Өзбекстан атынан шыққан этникалық қазақ Арман Маханов болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Оралбайға берді.
Осылайша, Айбек Оралбай жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті. Ал Арман Маханов Азия чемпионатындағы жарысты жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, Айбек Оралбай - 2025 жылғы World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы және Азияның екі дүркін чемпионы.
Ұлан-Батырдағы құрлықтық біріншілік 10 сәуірге дейін жалғасады. Бұл - World Boxing ұйымы ұйымдастырған ересектер арасындағы тарихтағы алғашқы Азия чемпионаты.
Фото: Sports.kz
Ең көп оқылған