Мәзір
Бокс

Абылайхан Жүсіповке жерлестері пәтер сыйлады

Сабина Асқарқызы 144 қаралым
Абылайхан Жүсіповке жерлестері пәтер сыйлады

Бокстан су жаңа әлем чемпионы Абылайхан Жүсіповке туған жері ыстық ықласын танытып, құрмет көрсетті.

Жақында Дубайда өткен ІВА әлем чемпионатында 71 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшымыз Абылайхан Жүсіпов алтын медаль иегері атанған еді. Осыған орай Қарағанды облысы, Абай ауданының әкімдігі боксшы Абылайхан Жүсіповке ерекше құрмет көрсетіп, екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

«Әлем чемпионы атанып, туған жеріме оралғанда, үлкен құрмет көрсетіп, пәтер сыйлап қарсы алған жерлестеріме мың алғыс», – деді Абылайхан Жүсіпов.

Айта кетейік, боксшы бұған дейін уәде етілген пәтерін ала алмай жүргенін айтқан болатын.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар