Абылайхан Жүсіпов Қазақстанның ең үздік боксшысын атады
Бокстан әлем және Азия чемпионы Абылайхан Жүсіпов Қазақстан құрамасындағы қазіргі таңда ең үздік атануға лайық боксшының атын атады, деп хабарлайды malimsports.kz Aqyrys Seitqazy YouTube-арнасына сілтеме жасап.
Жүсіповтің айтуынша, ұлттық құрамада көшбасшылар аз емес.
«Командада лидерлер көп. Әлем чемпиондары да, өте талантты спортшылар да жетерлік. Бірақ егер ерекше еңбекқорлығы мен жаттығудағы толықтай берілуі жағынан айтатын болсақ, мен Сабыржан Аққалықовты атар едім. Бұл пікірді оның менің бауырым әрі жерлесім болғаны үшін айтып отырған жоқпын. Жаттығудағы жанкештілігі мен жауапкершілігі тұрғысынан дәл Сабыржанды ерекше атап өткім келеді», - деді Абылайхан Жүсіпов.
Фото: instagram.com/iba_official/
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған