Мәзір
Бокс

Абылайхан Жүсіпов пен Сабыржан Аққалықовқа ақшалай сертификат табысталды

Сабина Асқарқызы 64 қаралым
Абылайхан Жүсіпов пен Сабыржан Аққалықовқа ақшалай сертификат табысталды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен Абылайхан Жүсіпов пен күміс жүлдегер Сабыржан Аққалықовты құттықтап, оларға ақшалай сертификат табыстады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Абылайхан Жүсіпов алтын медальға жету жолында бес жекпе-жекте жеңіске жеткенін айтып, бұл жеңісті бала кезден армандағанын атап өтті. «2007 жылы қарағандылық Серік Сәпиев екінші мәрте әлем чемпионы атанды. Сол жылы мен Абай қаласында бокспен айналысуды бастаған едім. Араға 18 жыл салып, өзім де алтын медальге қол жеткіздім», – деді чемпион.

Ал күміс жүлдегер Сабыржан Аққалықов әр жарысқа тек жеңіске талпынатынын айтты: «Бокста кейде төрешілер шешімі әртүрлі болады, бірақ әр кездесуге алтынға деген ниетпен шығамыз. Алдағы мақсат – Олимпиада ойындарында жеңіске жету».

Қазіргі таңда боксшылар Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиындарына кіріскен. Алдағы жоспарларында Жапонияда өтетін Азия ойындары мен Азия чемпионаты, сонымен қатар 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары бар.

 

 

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар