Абылайхан Жүсіпов: Алғашқы жекпе-жекке ағамның құжатымен қатыстым
Жақында Дубайда ІВА өткізген әлем чемпионатында топ жарған Абылайхан Жүсіпов «1001 түн» студиясында берген сұхбатында ол алғашқы бокс жекпе-жектеріне ағасының туу туралы куәлігімен қатысқанын айтты, деп жазады malimsports.kz.
Жүсіповтің боксқа өте жас кезінде келген және бастапқыда жас айырмашылығы үлкен спортшылармен жұдырықтасуға мәжбүр болған.
«Бапкерім мені жасы үлкен боксшыларға қарсы жекпе-жекке шығарды. Сондықтан ағамның туу туралы куәлігімен қатысып жүрдім. Әрине, олар үлкен болғандықтан, бастапқыда жеңе алмадым. Алайда сол тәжірибенің арқасында өз жасымдағы боксшыларды жеңіп жүрдім», - деп бөлісті әлем чемпионы.
Қазақстандық былғары қолғап шебері әлем чемпионатының финалында ресейлік Сергей Колденковпен қолғап түйістірген еді. Алғашқы екі раундта Абылайхан қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. Шешуші раундта да оның басымдығы байқалды. Нәтижесінде ол қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атағын алғаш рет жеңіп алып отыр.
Айта кеттетін жайт, Абылайхан Жүсіпов бұдан бұрын 2017, 2019, 2021 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған