Мәзір
Бокс

Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатында үздік шықты

Сабина Асқарқызы 223 қаралым
Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатында үздік шықты

Бокстан әлем чемпионатында қарағандылық Абылайхан Жүсіпов 71 келіде топ жарды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Осымен Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсіп отыр. 

71 келіде ел намысын қорғаған Абылайхан Жүсіпов финалда ресейлік Сергей Колденковті сенімді түрде жеңді. Ұлттық құрама мүшесі Жүсіпов тұңғыш рет чемпион атанды. Ол 2017, 2019, 2021 жылдары ӘЧ-да қола жүлдеге ие болған. 

Ол турнир барысында қырғызстандық Ихтияр Нишановты айқын басымдықпен ұтты. Бұған дейін 54 келідегі Сәкен Бибосынов пен 57 келідегі Оразбек Асылқұлов жеңіске жеткен болатын. 

Фото: Ашық дереккөзден

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар