457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын сәтті бастады

Үшінші раундта да қарқынын бәсеңдеткен жоқ.

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 7 желтоқсанда ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (70 келі) шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz
Қазақпараттың жазуынша, отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде армениялық Арарат Арутюнянмен қолғап түйістірді.

Қазақстандық былғары қолғап шебері алғашқы минуттан басымдық танытты. 

Шаршы алаңда ширақ қимылдап, қарсыласына көбірек соққы жұмсап үлгерді. Екінші раундта ол армениялық боксшыны нокдаунға түсірді. Үшінші раундта да қарқынын бәсеңдеткен жоқ.

Қарсыласын тағы бір мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен бірауыздан 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Даниял Сәбит (51 келі), Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Фото: ҰОК