457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әбілхан Аманқұл ұзақ үзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұлдың келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды. Орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз АҚШ-та өтетін бокс кешінде бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

BoxRec порталының мәліметінше, Аманқұл 3 қазанда Флорида штатында шаршы алаңға көтеріледі. Әзірге оның қарсыласының есімі ресми түрде жарияланған жоқ.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының ширек финалисі Әбілхан Аманқұл кәсіпқой мансабын 2022 жылы бастаған. Осы уақытқа дейін ол бес жекпе-жек өткізіп, төртеуінде жеңіске жетсе, бір кездесуі тең нәтижемен аяқталған. Оның төрт жеңісі мерзімінен бұрын тіркелген.

Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылдың 30 қыркүйегінде америкалық Джошен Джеймспен қолғап түйістірген еді. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек тең нәтижемен аяқталғаннан кейін Аманқұл кәсіпқой рингте ұзақ уақыт бойы өнер көрсеткен жоқ.

Енді ол үш жылға жуық үзілістен кейін АҚШ-тағы кезекті айқасында жанкүйерлерімен қайта қауышады.

 

Фото: instagram/amankul.abilkhan