Мәзір
Бокс

2019 жылғы әлем чемпионы жаһандық доданы аяқтады

Сабина Асқарқызы 18 қаралым
2019 жылғы әлем чемпионы жаһандық доданы аяқтады

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде 2019 жылы Ресейде өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы Бекзат Нұрдәулетов жарысты аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.

85 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз 1/8 финалда грузиялық Георгий Кушиташвилимен кездесті. Алғашқы раундта Бекзат басым болғанымен, кейінгі раундтарда қарсыласы қарқынын арттырып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті – 3:2.

Осылайша, әлем чемпионатының жартылай финалына жетпей Қазақстан құрамасынан төрт боксшы жарыс жолынан шығып қалды. Бұған дейін Сабыржан Аққалықов (75 кг), Элина Базарова (54 кг) және Надежда Рябец (75 кг) жарысты ерте аяқтаған еді.

 

 

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар