Мәзір
Санатсыз

Елена Рыбакина US Open турнирінде жеңілген соң бапкерінен бас тартты

MalimSports 7 қаралым
Елена Рыбакина US Open турнирінде жеңілген соң бапкерінен бас тартты

Қазақстандық белгілі теннисші Елена Рыбакина италиялық бапкер Давиде Сангвинеттидің қол астында жаттығудан бас тартты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Spazio Tennis мәліметінше, Елена Рыбакина бұл шешімді АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымында есе жіберген соң қабылдаған көрінеді. Енді отандасымызды хорватиялық маман Стефано Вуков жалғыз жаттықтырмақ.

Былтыр шілде айында Рыбакина өз бапкері Вуковпен осылай қоштасқан еді. Осыдан соң тағы бір хорватиялық маман Горан Иванишевичпен бірге бастаған жұмысы да тым келте болды.

Соның салдарынан әлемдік әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) қатал байланыс жасағаны үшін Вуковқа кәсіби жұмысымен айналысуға тыйым салды. Алайда хорватиялық бапкер сот шешіміне шағым түсіру арқылы жеңіп, Рыбакинаның командасына қайта қосылған болатын.

Бұл жолы келісімі үзілген Д.Сангвинеттимен Рыбакина биылғы ақпан айында келісім жасаған болатын.

Фото: olympic.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар