Ливерпульде 4 қыркүйекте басталатын әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады", - деп мәлімдеді ҚР бокс федерациясы.
4-14 қыркүйек аралығында өтетін әлемдік біріншілік «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын ҚР ұлттық құрамасының сапында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бекзат Нұрдәулетов (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) мен Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) сынды боксшылар өнер көрсетеді.
Әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин төмендегі боксшыларға сенім артып отыр.
Оның ішінде Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Элина Базарова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Талипова (80 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Фото: ҚР бокс федерациясы